Жатақхана жайы мәз емес

Сондай-ақ!

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Túrkistan.kz   ІІМ сілтеме жасап. Бұрын сотты болған 60 жастағы М.есімді алаяқ әйел...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны тәркіледі –  деп хабарлады  ҚазАқпарат . «Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге дейін қаржы жұмсалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «коронавирус инфекциясымен ауырған бір...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдолла ҚР Энергетика министрлігінің және бірқатар облыс әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларының үстінен...

Nur Otan партиясы жанындағы Партиялық бақылау комитетінің жиынында студент жастарға берілетін жатақханалар мәселесі талқыланды.

 Еліміздегі жатақханалар құры­лысының қарқыны туралы Қазақ­стан­ның Білім және ғылым вице-ми­нистрі Бибігүл Асылова баяндама жасады. Ал партиялықтар ми­нистр­лік өкілінің алдына жатақ­хана бөлмесін жалдау ақысы студенттерге арзанға түспейтінін де көлденең тартты.

«Бұрын жатақханаларда тұру үшін жалдау ақысының шекті құ­нын анықтайтын бұйрық бар еді. Алайда жатақханалардың қазіргі жай-күйінің төмендеуіне нақ осы құжаттың да әсері болғанын айта кету керек. Жатақханалардың басым бөлігі күрделі жөндеуді қажет етеді. Материалдық-техникалық жаб­дықтауда да қиындықтар бар. Яғни, жалға алудан түскен  төлем ны­сандардың сапалы жұмыс істеуі үшін қаражат қалыптастыруды  былай қойғанда, қызмет көрсетудің өз құнын да ақтамады. Мемлекеттік ЖОО  үшін бұл түйінді мәселе бо­лып отыр. Сондықтан қазіргідей жал­ға алу құнын   нарықпен ретте­ген дұрысырақ», – деді Бибігүл Асы­лова.

Сонымен қатар осы жиында Ко­­митет мүшелері Білім министр­лігі­нің бюджет қаражысын тиімсіз пайдаланғанына да назар аударды. Партиялық бақылау комитеті келтірген мәліметке сүйенсек, респуб­ли­калық бюджетте студенттер, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тапсырыс беруге 15 млрд теңге (2019 жылы – 1 млрд теңге, 2020 жы­лы –
4 млрд теңге, 2021 жылы – 10 млрд теңге) қарастырылған. Соған қара­мастан, өткен жылы мемлекеттік тап­сырыс аясында бар-жоғы 177 млн теңге игеріліп, қаражаттың 70 пайыз­дан астамы қазынаға қай­та­рылған.

Ал сол кезде студенттер тұрып жат­қан жатақханалардағы жағдай көңіл көншітпейді. Тіпті, кейбіреу­лері өткен ғасырдың 60-жылдары­нан бері жөндеу көрмеген. Осы орай­да, Jas Otan Жастар қанаты­ның төрағасы Елнұр  Бейсенбаев өз­дері жүргізген рейд нәтижелерін ор­таға салды. Оның айтуынша, елі­міздегі 130 жоғары оқу орнында 600 мыңға жуық студент білім алу­да. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 10 пайызға жуық өскен. Бүгінгі таңда 85 мыңнан ас­­там қазақстандық студент жа­тақ­ханадағы орынға мұқтаж.

«Біздің есебіміз бойынша, ЖОО-ның 270 жатақханасында 90 мың­нан астам студент, ал колледж­дерге тиесілі 386 жатақханада 97 мыңнан астам жас тұрады. Оның ішінде Алматы қаласында білім алып жатқан жастар арасында жа­тақханалардағы орынға деген қа­жеттілік жоғары, шамамен 25 мың орын. Ал елордадағы студенттердің 9 мыңына жатақханадан орын жетпейді. Елдегі 270 жатақхананың тек 76-сында ғана жастар үшін жақ­­с­ы жағдай жасалған. 175 жа­тақ­ханадағы жағдай – орташа, 19-ындағы жағдай төмен. Колледж­дерге тиесілі 386 жатақхананың 41-інде санитарлық жағдай нашар», – деді Елнұр Бейсенбаев.

Комитет төрағасы, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев аймақтар мен ор­та­лықтағы ақпараттарда сәйкессіз­дік­тер байқалатынын айтты. Жа­тақ­ханалар құрылысының мерзімі көбіне бюрократиялық кідірістерге байланысты ұзаққа созылады. Ал кейбір жағдайларда университеттер басшылығы ескі ғимараттарды қал­пына келтіру арқылы жаңа орын­дар қостық деп көрсетеді.

«Білім ордалары жаңа жатақ­ха­налардың пайдалануға берілгенін хабарлағанымен, біздің жұмыс тобымыз шын мәнінде жатақхана құры­лысының әлі жүріп жатқанын анық­тады. Мұндай көзбояушы­лық­пен айналысатындарды ерекше ба­қылауда ұстаймыз. Nur Otan пар­тия­сының Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев студент­тер­дің өмір сүру жағдайларын тексеруді және жатақханалардағы орын­дарды бөлуде жемқорлыққа жол берілмеуін қадағалауды тап­сыр­ды. Сондықтан партия бұл мә­селені үнемі бақылауда ұстайды», – деді Павел Казанцев.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Динара Сәтжанның сәтсіз жарнамасы «қызыл аймақ» әкімдеріне ұпай әкелмеді

Белгілі журналист, блогер Динара Сәтжан жақында Өскемен қаласына барып, Instagram әлеуметтік желісіндегі...

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...