Жаңалықтар

Елордада екі мектепке араб шейхтарының есімі берілді

ашық дереккөзі

Елордада екі мектепке араб шейхтарының есімі берілді

Үкімет басшысы Асқар Маминнің қаулысымен елордадағы 12 мектепке білім-ғылым, саясат, мәдениет пен руханиятқа еңбек сіңірген зиялылардың есімі берілді,  – деп жазды baq.kz. Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 44 қаулысы бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 10 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жұмабек Тәшеневтің есімі; Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 48 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі; Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 52 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бейімбет Майлиннің есімі; Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 56 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шәкәрімнің есімі; Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 57 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мәшһүр Жүсіптің есімі; Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 58 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ілияс Жансүгіровтің есімі; Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 68 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Міржақып Дулатұлының есімі; Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 76 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейханның есімі; Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 80 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сәкен Сейфулиннің есімі; Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 84 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянның есімі; Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 85 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәнидің есімі; Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына әл-Фарабидің есімі берілді. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енді.