Биыл қолжетімді баспана көлемі үш есе артады
Биыл қолжетімді баспана көлемі үш есе артады
«Тұрғын үй мәселесі – басты, маңызды бағыттардың бірі. Қазір тұрғын үй кезегінде 48 мың адам тұр. Былтыр кезекте тұрған 2900 азамат пәтер алды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді баспана көлемі үш есе артады. Мемлекеттің қолдауының арқасында үй құрылысы комбинатының жұмысы қайта жанданды. Кәсіпорынның қызметі үй сапасына нұқсан келтірмей, шаршы метрдің құнын азайтуға және үйді тұрғызу мерзімін қысқартуға көмектеседі», – деді Алтай Көлгінов. Сонымен қатар, апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. «Былтыр ескі 8 үйдің тұрғындары қоныс аударды. 90-нан астам отбасы жаңа пәтерлерге көшті. Мұнай базаларына жақын жерде орналасқан 39 разъездің тұрғындарын көшіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үйлерге қатысты барлық атқарылып жатқан жұмыстар жүйелі негізде іске асады», – деді қала басшысы.