Мемлекет басшысы әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскерилерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлады Ақорда. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11-тармақшасына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  1. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында ҚР Қарулы Күштері, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын.
  2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында ҚР Қарулы Күштеріне, ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
  3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
  4. ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі мерзімді әскери қызметті өткеру үшін ҚР Қарулы Күштеріне, ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақырылған ҚР азаматтарын жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді шығаруды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
  5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.