Бас редакторлар клубының жаңа президенті сайланды

12 ақпан, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Бас редакторлар клубының жаңа президенті сайланды Танымал журналист Бибігүл Жексенбай «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті болып сайланды. Дәстүрлі есеп беру – сайлау конференциясында клуб мүшелері Б.Жексенбайдың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Қазақстан журналистикасы академиясының академигі Ерлан Бекхожин президенттіктен ұйымның жарғысына сәйкес, сайлану мерзімі аяқталуына байланысты босатылды.