Елорданы су басу қаупі бар – Алтай Көлгінов

Елорданы су басу қаупі бар – Алтай Көлгінов

Елорданы су басу қаупі бар – Алтай Көлгінов
ашық дереккөзі
Халыққа есеп беру кезінде елорда әкімі Алтай Көлгінов: «Биыл қардың жаууы мен ылғалдың түсуі нормадан 3,5 есеге жоғары. Көшелерден 2 млн кубтен артық қар шығардық. Қала ішіндегі орамдардағы аулалар мен жеке тұрғын үй секторын қардан тазартуды бастадық. Биыл қар өте қалың екенін білесіз. Жұмыс істеп жатырмыз», – деді. inbusiness.kz сайтының жазуынша, биыл қыста қар құрсауынан мыңнан астам адам құтқарылған. Боранды қыс мезгілінде еңбек еткен мемлекеттік қызметтердің жұмысын әкім айырықша атап өтті. «Өздеріңіз куәсіздер, үш боранды бастан өткердік. Боран кезінде мемлекеттік қызметтердің күшімен мыңнан астам адам құтқарылды. Төтенше жағдайлар қызметі, полиция, тіпті әскерилер де құтқару жұмыстарына жұмылдырылды. Бірде-бір адам шығыны жоқ. Бұл осы қызметтердің еңбегі», – деді қала басшысы. Алтай Көлгінов елорда әкімдігі тасқын сумен қалай күресуді жоспарлап отырғанын айтты. «Бүгінгі күні тасқын суға қарсы күрес штабын құрдық. Жауапты адамдар тағайындалды. Барлық қызметтер күшейтіліп, қажетті жол техникаларын алдық. Келесі мәселе – қаланы су басуына жол бермеу керек. Қазір ондай қауіп бар. Су басу қаупін азайту үшін біз ертең су реттеуішке, су бөгеніне барамыз. Жекеменшік үй секторын жауаптылық аймағына бөліп, әріптестерімізге тапсырдық. Наурыз айына дейін күні-түні қарды барынша шығаруымыз керек», – деді әкім.