Үш баласының обалына қалған ана – Полиция департаменті жауапқа тартпақ

Үш баласының обалына қалған ана – Полиция департаменті жауапқа тартпақ

Үш баласының обалына қалған ана – Полиция департаменті жауапқа тартпақ
ашық дереккөзі
Елордада ювеналды полицияның учаскелік инспекторлары мектеп табалдырығын аттап көрмеген жасөспірімдері анықтады, – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті. ҚазАқпараттың жазуынша, «Тұрмыс» жедел-алдын алу шарасы аясында Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы өзіне жүктелген аумақты тексеру барысында ұзақ уақыт бойы құжаттары болмаған отбасын анықтаған. Полиция департаментінің хабарламасында: «38 жастағы әйел – 11,14 және 15 жастағы кәмелетке толмаған үш баланың анасы отбасымен Нұр-Сұлтан қаласына екі ай бұрын көшіп келген. Көшіп келгенге дейін, олардың тұрғылықты жері Қостанай облысы болған. Әйел өзінің құжаты жоқтығынан балалары туғанда куәлік алмаған. Тексеру барысында ювеналды полиция инспекторлары үш баланың да мектепке мүлдем бармағанын және туу туралы куәлігі болмағанын анықтады», – делінген. Полиция инспекторының айтуынша, әйел өз балаларын тәрбиелеуден жалтарып, оларға тиісті көңіл бөлмеген. Аудандық ювеналды полиция инспекторы Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасымен бірлесіп, үш баланы медициналық тексеруден өткізді және мектепке орналастырды. Оларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. «Қорғау-Астана» жеке қорының қолдауымен жақында жасөспірімдер алғашқы құжаттарын алады. Полиция қызметкерлері бұл отбасымен профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Нелли Досжанованың сөзінше, балалардың анасы кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, тәрбиелеу және оқыту міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.