12 Ақпан, 12:02 276 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Коронавирусқа қарсы вакцина қашан дайын болады?

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус коронавирусқа қарсы алғашқы вакциналар 18 айдан кейін дайын болуы мүмкін екенін айтты.

«Алғашқы вакцина 18 айдан кейін дайын болуы мүмкін. Сондықтан бұл вируспен күресу үшін қолда бар «қаруды» пайдалана отырып, бәрін жасауымыз керек», – деді ДДҰ басшысы.

ҚазАқпараттың жазуынша, бүгінгі таңда вакциналар мен терапиялық құралдарды әзірлеу аса маңызды. Десек те, бұл зерттеулер біршама уақытты талап етеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа түріне COVID-19 атауын беріп, инфекциямен күресе алатын көптеген негізгі шаралары енгізді. Халықаралық қауымдастықта індеттің алдын алу үшін «мүмкіндіктер терезесі» де бар.

ДДҰ басшысы әлем елдерін жаңа коронавируспен күресті жандандыруға шақырып отыр. Өйткені «Бұл вирус – қоғамның нөмірі бірінші жауы», – дейді Гебрейсус.

Соңғы жаңалықтар