Премьер-Министрдің орынбасары тағайындалды

11 ақпан, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Премьер-Министрдің орынбасары тағайындалды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың №265 жарлығымен Ералы Тоғжанов Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды. Жаңадан сайланған вице-премьердің кандидатурасы бүгін Мәжіліс үйінде өткен Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі палата комитетінің отырысында мақұлданды. Премьер-министрдің тапсырмасымен Канцелярия жетекшісі Ғалымжан Қойшыбаев Ералы Лұқпанұлының мол жұмыс тәжірибесі мен жоғары кәсібилігін тілге тиек ете отырып, оның кандидатурасын ұсынды. Комитет отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеті ҚР Конституциясының «Қазақстан Республикасының Парламенті және ондағы депутаттар мәртебесі туралы» 22-1 бабына сәйкес, Премьер-министр ұсынған Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың кандидатурасын ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметіне лайық деп санайды» деген тұжырым жасалды. Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (1983-1988 жж.) құқықтану мамандығы бойынша бітірген. ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтын (1991-1994жж.) тәмамдаған, мамандығы – заңгер. Мемлекеттік марапаттары және құрметті атақтары бар. ІІ деңгейлі «Достық» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.