Әділет министрлігі жаңа ұсыныстар әзірлеуде. Қолданыстағы заң бойынша партияларды тіркеу үшін оның құрамында 40 мың мүшесі болуға тиіс. Енді бұл санды 20 мыңға азайту көзделген, – деп жазды Atameken Business.
Сондай-ақ, партиялық сайлау тізімінде әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық міндетті квота қарастырылмақ. Яғни, саяси партияларда депутаттыққа үміткер әйелдер мен жастардың үлесі 30 пайыздан кем болмауы тиіс.