«Шу қайда болса, Сапарбаев сонда»: Төрт облысты басқарған Сапарбаевтың қай ісі ел аузында?   

«Шу қайда болса, Сапарбаев сонда»: Төрт облысты басқарған Сапарбаевтың қай ісі ел аузында?   

«Шу қайда болса, Сапарбаев сонда»: Төрт облысты басқарған Сапарбаевтың қай ісі ел аузында?    
ашық дереккөзі
Күні кеше Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған Бердібек Сапарбаев жаңа қызметіне байланысты пікір білдірді. "Президент осындай шешім қабылдағаннан кейін мен оны орындауға міндеттімін. Кезінде министр болсам, енді әкім болдым. Жамбылда болған оқиғалардың салдарын тезірек жоюға жұмыс істейміз", – деді облыс әкімі үкімет кулуарында журналистерге. Жамбыл облысы – Бердібек Мәшбекұлы тізгінін ұстаған бесінші аймақ. Бұған дейін 1995-1999 жылдары өзі дүниеге келген Қызылорда облысын басқарса, 1999-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының тізгінін ұстады. Елбасы жарлығымен 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалса, 2015 жылдың ақпанынан 2019 жылдың ақпанына дейін   Ақтөбе облысын басқарды. Қай өңірге әкім болса да, сол аймақтың күйіп тұрған ең өзекті мәселелерін дер кезінде шеше білетін Бердібек Сапарбаевтың қызметіне жергілікті халық үнемі алғысын білдіріп, жаңа қызметке ауысарда қимастықпен шығарып салатын. Халықтың дауыс беруі және сарапшылардың бағалауы нәтижесінде жасалатын әкімдер рейтингінде Бердібек Мәшбекұлының үнемі үздіктер қатарынан көрінуі сөзімізге дәлел бола алады. Баспасөзге берген сұхбаттарында кабинеттен шығып, елдің арасында жүргенді ұнататынын айтқан Сапарбаев кез келген оқиғаның басы-қасынан табылып, мәселенің дер кезінде шешімін табуына өзі ұйытқы болып жүргенін талай көрдік. Әсіресе, Ақтөбе облысын басқарған тұста БАҚ-та Бердібек Сапарбаевтың ілкімді істері жайлы жиі жазылатын. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын тұрақтандырып қана қоймай, мәдени дамуына да өлшеусіз үлес қосқан әкімнің өз ісіне деген жауапкершілігі туралы еліміздің мақтанышы, күміс көмей әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын. «Бердібек Мəшбекұлы. Мен бұл кісіні ең алдымен тынымсыз еңбекқорлығы үшін өте қадірлеймін.Тіпті, кейде шаршап, жұмысымды ысыра салайын деп ойлаймын да, Бердібек ағамыздың күн-түн демей, ыстық-суыққа қарамай жүретіні есіме түсіп, ойымды өзгерте қоямын. Бүгінгі күні Ақтөбедегі бой тіреген жаңа нысандарда осы кісінің қолтаңбасы қалды, себебі, əр кірпішінің қаланғанынан бастап,терезесінің жапқышына дейін өзі ерекше бақылады.  Жауапты концерттерден кейін облыс басшысы міндетті түрде өнер ұжымдарына алғыс айтып кетеді. Облыс басшысының осы ерек қасиеті талайларға, өзіміздің аудан, ауылдарды басқарып отырған азаматтарға да үлгі болуы керек деп ойлаймын.  Спектакль, концерттерден ешқашан қалмайтын көрермені де өзі. Соның бəріне уақытын қалай жеткізеді екен десеңізші! «Ақыны əкімін іздесе, көргені елдің сор болар,ƏКІМІ АҚЫНЫН іздесе – ертеңі елдің зор болар!» деген екен бір мықты. Жұбановтарды дəріптеген, өнерді қадірлеген, ақыны мен əншісін іздейтін Басшысы бар, Ақтөбе дейтін еліміз бар, шүкір!», – деп жазған еді Света Айтбаева өзінің Instagram парақшасында. Жаңа қызметі жайлы естіген әлеуметтік желі қолданушылары оның Жамбыл облысында да табысты қызмет ететіне сенім білдіруде. Instagram-ның @shakenbulekbaev атты қолданушысы: «Іскер адам, қай жерде шу шықса, сол жерде жүреді. Ағамызға Алла ғұмыр берсін» деп жазса, @negmet77 деген атпен тіркелген қолданушы: «Бұл кісі жайлы кім не десе де, оның ең күрделі орындарға жіберілетінін жұрт біледі. Мәселен, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалғанда ондағы жағдай ушығып тұрған еді. Енді міне, кикілжің тұтанғанда Жамбыл облысына жіберілді. Демек, жұмыс істей алатын адам» дейді.  «Шу қайда болса, Сапарбаев сонда» деген @amantaikyzyaktolkyn есімді қолданушының пікірі де алдыңғы оймен үндес.