Коронавирус: бүгін Қытайдан екі жүздей адам елге оралды

Коронавирус: бүгін Қытайдан екі жүздей адам елге оралды

Коронавирус: бүгін Қытайдан екі жүздей адам елге оралды
ашық дереккөзі
Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, бүгін таңертеңгі 06.05-те Бейжіңнен еліміздің 217 азаматы эвакуацияланды. ҚазАқпараттың жазуынша, олардың барлығы қазір арнайы медициналық ұйымға орналастырылып жатыр. Араларында науқас адамдар тіркелген жоқ. Айта кетейік, 10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Үкіметі ҚХР аумағындағы және отанына оралуға тілек білдірген қазақстандықтарды эвакуациялауды жалғастыратыны мәлім етілді. Қазақстандықтардың алғашқы легі Қытай елінен 2 ақпанда жеткізілген болатын: 83 азаматтың 80-і – студенттер.