11 Ақпан, 10:45 704 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Коронавирус: бүгін Қытайдан екі жүздей адам елге оралды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, бүгін таңертеңгі 06.05-те Бейжіңнен еліміздің 217 азаматы эвакуацияланды.

ҚазАқпараттың жазуынша, олардың барлығы қазір арнайы медициналық ұйымға орналастырылып жатыр. Араларында науқас адамдар тіркелген жоқ.

Айта кетейік, 10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Үкіметі ҚХР аумағындағы және отанына оралуға тілек білдірген қазақстандықтарды эвакуациялауды жалғастыратыны мәлім етілді.

Қазақстандықтардың алғашқы легі Қытай елінен 2 ақпанда жеткізілген болатын: 83 азаматтың 80-і – студенттер.

Соңғы жаңалықтар