11 Ақпан, 09:58 285 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Мектеп оқушылары мен 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы мектептерінде сабақ болмайды, – деп хабарлады елорданың Білім басқармасы.

«Қатты аязға байланысты 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар қатты аязға байланысты Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және 1-2 курс студенттері үшін және Жарма, Аягөз, Ұлан аудандарындағы мектептерде де сабақ болмайды.

Соңғы жаңалықтар