Жамбыл облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
ашық дереккөзі
Polisia.kz. мәліметінше, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Сүлейменов Жанат Қуанышұлы тағайындалды. Жаңа бастықты жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды. Сүлейменов Жанат Қуанышұлы 1962 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Әр жылдары Есірткі бизнесіне қарсы күрес, Криминалдық полиция комитеттерін, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Полиция департаменттерін басқарды. 2017-2019 жылдары ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.