Әлімжеттік көрсеткен Қазақ Ұлттық университетінің студенттері оқудан шықты

Әлімжеттік көрсеткен Қазақ Ұлттық университетінің студенттері оқудан шықты

Әлімжеттік көрсеткен Қазақ Ұлттық университетінің студенттері оқудан шықты
ашық дереккөзі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультетінде бірінші курс тәлімгерлерін соққыға жыққаны үшін 10 студент оқудан шығарылды. Оқу орны баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға жатақханалардың бірінде болған, – деп жазды aikyn.kz.
«Біз екінші курс студенттерін оқудан шығардық. Олар бірінші курста оқитын студенттерді бөлмеге кіргізіп соққыға жыққан. Бұл жағдай түнгі үш шамасында болған. Осындай дерек анықталды, бейнетаспа бар. Кадрларда таяқ жеген жігіттер бөлмеден ақсаңдап шығып келе жатқаны жазылып қалған. Келер күні медициналық бақылау кезінде оларда дене жарақаты бары анықталды. Тәртіптік комиссия мұндай әрекетке барған студенттерді оқудан шығару туралы шешім қабылдады», – дейді ЖОО өкілдері.
Зардап шеккен студенттер ешқайда шағымданбаған. Бүгін таңертең ҚазҰУ алдында бірнеше адам жиналып, студенттердің оқудан шығуына қарсы наразылық білдірген.
«Олар оқиғаның мән-жайын дұрыс білмейді. Бізде осы жанжалға қатысқан студенттердің жауабы бар. Оны кейбір оқудан шығарылған студенттердің өзі мойындады», – деді ЖОО өкілдері.