Қандастар Нұр-Сұлтанда бас қосты

Қандастар Нұр-Сұлтанда бас қосты

Қандастар Нұр-Сұлтанда бас қосты
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында «Отандастар» қоры және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Отандастар. Болашаққа бағдар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кездесуге әлемнің 26 елінен 150-ден астам делегат қатысты. «Отандастар» қорының Басқарушы директоры Ғазиз Тастаев шетелдік қонақтарды қандастар үшін құрылған ақпараттық-кеңес беру орталығының жұмысымен таныстырып, шет елдерде ұйымдастырылған іс-шаралардың нәтижесінен хабардар етті. Белгілі болғандай, «Отандастар» қоры келесі жылға жоспарлаған жобаларға шамамен 400 миллион теңге қаражат жұмсамақ.  Сонымен қатар, панельдік сессия барысында Түркия, АҚШ, ТМД, ЕО және әлемнің басқа да бірқатар елдерінен келген «Атамекен» іскерлік үйінің өкілдері сөз сөйледі. Сондай-ақ, Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы төрағасы Ресейдегі іскерлік үй өкілдігінің жұмыс барысымен таныстырды.

Әлия Тілеужанқызы