Делдалдар қордағы медициналық масканы Қытайға сатқан
Делдалдар қордағы медициналық масканы Қытайға сатқан
Денсаулық сақтау министрлігі елімізде, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысына медициналық масканың неліктен жетіспей жатқанын түсіндірді.
– Кәсіпкерлер мен алыпсатарлардың запастағы медициналық маскаларды Қытай Халық Республикасына сатқаны анықталды. Осыған байланысты масканы шетелге экспорттауға тыйым салынып отыр, – деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Оның айтуынша, жетіспей жатқан тауарды енді шетелден импорттаймыз. Шығыс Қазақстанның өзіне 2 миллион дана медициналық маска алынбақ.
Еске салайық, бұған дейін ШҚО тұрғындары маска тапшылығына байланысты алаңдаушылық білдірген болатын.
Дәурен Аллабергенұлы,
Шығыс Қазақстан облысы