«Жауыз қазақ» деген жаман атқа қалмайық – Нұртөре Жүсіп

Сондай-ақ!

Бүгін ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Синоптиктер 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, фронттардың әсерінен республиканың кей жерінде қар жауады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (көбіне қар...

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Мемлекеттік сыйлық иегерлері белгілі болды

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы, Ақорда хабарлады. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік...

Түркіменстан президенті есірткі жағатын пеш ашты

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадтан солтүстікке қарай 100 шақырым жерден есірткі жағатын жаңа кешен ашты, деп хабарлайды Хроники Туркменистана басылымы. Басылымның хабарлауынша, мұнда орнатылған үш...

Қордай ауданында орын алған оқиға қазақ қоғамын бей-жай қалдырған жоқ. Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіптің Қордай оқиғасына қатысты ой-пікірін білдірді. Оны «Қазақпарат» жариялады.

Бакуде жүрміз: Әзербайжан еліндегі парламент сайлауының барысын байқап, бақыладық. Мұндағы сайлау заңнамасының өзіндік ерекшеліктері бар екен, өз елімізбен салыстырдық, ой түйдік, қорытынды жасадық. Бәрі дұрыс секілді. Алайда жанды жеген бір нәрсе бар.

Алаң көңіл.

Ел жаққа елеңдеймін.

Қордай жанжалы жанға маза таптырар емес. Қаза тапқан қандастар отбасына қайғырып, көңіл айтамын. Әлеуметтік желіге күніге жүз рет кіріп, әр хабарға қайта-қайта қараймын.

Ашынғандар бар. Арандағандар бар. Арандатушылар да бар сияқты… Кінәлі кім? Жанжал неден басталды? Жағдай неге ушықты? Қоғамдық тәртіпті, заңдылықты сақтауға тиіс полиция неге дәрменсіз болды?

Мәселені ушықтырмай шешуге тиісті құзырлы мекеме өкілдері неге сылбыр қимылдады?

Адам шығынына неге жол берді? Осының бәріне кінәлі кім деген сұрақтың төбесі қылтиды.

Анадан көру, мынадан көру, жаппай тәртіпсіздікке шақыру орын алып та жатыр. Басу айтылса керек осындайда. Бабалар салтымен. Сабырға шақырғандарды келемеждеп жатқандар да бар.

Аталы сөз айтылуға тиіс. Тыңдайтын құлақ бар ма? Біз елдік, мемлекетшілдік құндылықтарды бірінші кезекке шығара алмай келеміз. Ел болған соң телі мен тентек болмай тұрмайды.

Тезге салатын кім? Мемлекет! Дауласуға болады. Айтысайық. Тартысайық. Қызыл кеңірдек болып, өз пікірімізді дәлелдеуге тырысайық. Тіпті жағаласайық…

Жауласуға болмайды! Жағалассақ та жаға жыртысуға, оның артынан адам өлтіруге болмайды. Айтысып, тартысып, келіп-келіп қай жерде тоқтауымыз керек?

Мемлекет деген жерде! Қазақ мемлекеті болмаса – біз кімбіз? Кімге сөзіміз жүргендей?

Кімге басымызды көтеріп, кімге тура қарай алғандаймыз?

Еңсемізді осы ел – өз мемлекетіміз үшін көтеріп жүрген жоқпыз ба? Тәуелсіздік, тұрақтылық, тыныштық деген ұғымдардың қадір-қасиетін білеміз. Бірақ осыны тотықұс тәрізді тым жиі қайталап, қадірін кетіріп алғандаймыз.

Береке мен бірлік туралы да солай айтуға тура келеді. Халықтың «Төрге шығарсақ та, төбемізге шығармаймыз» деген талабы орынды. Асығуға болады.

Ашынуға болады.

Бірақ басынуға болмайды! Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев – Мемлекет басшысы ретінде жанжалды реттеуге, жағдайды бақылауға алуға өте сергек қарады.

Тез реакция жасады.

Әуелі Twitter-де пікірін білдірді. Сосын мәлімдеме жасады. Үкімет құрамынан арнайы комиссия құрды. Ел елеңдеп отыр. Намысын таптатқысы келмейді. Түсінеміз. Кінәлілерді анықтау, қылмыс жасағандарды жазалау, жағдайды тұрақтандыру сол комиссия құзырында болар.

Біржақты болудан сақ болсақ екен. Кешенді зерттеу жүргізілгені жөн. Елдің көкейінде «Қазақстан азаматтығын кім көрінгенге неге бере береді?» деген сауал тұр. Қайсыбір жылы «аты-жөнін жазып алса болды» деп, қаптаған Қазақстан паспорты табылыпты деген қаңқу сөз шықты.

Шынымен солай ма? Осыны тексеру керек. Әділеттілік болмаған жерде әлеуметтік қайшылықтар туындай береді. Түсіністік болу үшін не істейміз? Қандай амал қыламыз?

Мемлекет деген ұғымды басты басымдыққа айналдыру үшін не жасаймыз? Қазір кез келгеніміз өзімізге «Қазақстан маған қымбат па?» деген сұрақ қойып көрсек. Қымбат дейтініміз даусыз. Қымбат бір затыңызды жоғалтып алсаңыз не болады? Жан-жағыңызға алақтайсыз. Сипалана бересіз. Қайта-қайта қарағыштайсыз. Әйтеуір жаныңыз байыз таппайды.

Қазір бәріміздің басымызда сондай жағдай тұрған сияқты. Бәріміз үшін ең қымбат құндылық – Қазақ Елін, қазақ мемлекеттілігін жоғалтып алмауды ойласақ.

Осы қаперде тұрса!

Айналамыздағы мысықтілеу мемлекеттердің ойыншығына айналып кетпеудің амалын жасасақ. Бір мезет бәріміз тоқтасақ. Ойлансақ.

Ары қарай қалай болады? Қираған дүние-мүлік қалпына келер. Алаң көңіл басылар. Тыныштық орнар. Төгілген қанның өтеуі қайтсе табылады? Тыныштықтың керегі жоқ па бізге?

Дүрдараз қауым қайта жараса ма? Әлде ырың-жырың жалғаса бере ме? Сыздауық неден шығады? Суықтан. Көңілдегі сыздауық ше? Ол неден шығып жатыр?

Бір себебі – тілдік талап. Халықтың мемлекеттік тіл туралы талабы дұрыс. Бір мемлекетте тұрып, екі тілде, екі арнада, екі бағытта, бір-біріне қарсы екі жағалауда тұрып тіл табысу қиын…

Сыздауық жарылмай тұрмайды. Береке мен бірлік – Мемлекеттің мемлекеттік тілінде! Бір тілде сөйлейтін, бір тілде түсінісетін қоғамды орнықтыра алмасақ, Абай айтқан «бас-басына би болған өңкей қиқым» деңгейінен аса алмаймыз. Қазақ – төзімді, шыдамды ұлт. Талай қиындыққа шыдадық. Намыстан жаралған халықпыз. Ендігі таңда елдік намыс жолында болайық! «Жалқау қазақ, бейқам қазақ, епсіз қазақ» деген сөз келтірмейік!

«Жауыз қазақ» деген жаман атқа қалмайық! Бірінші кезекте әр қазақтың баласы өз отбасын дұрыстауға ұмтылса деймін: ұлың бетімен кетпесін, қызың шектен шықпасын, үлкеннің сөзі аяқ астында қалмасын; мынау жалпақ елді толтыратын ұрпақ жалғассын, солардың дені сау, білімді, иманды болып өсуін қадағаласын; әр әулет тіршілік көзін – кәсібін, нәсібін тек еңбектен тапсын; атқа мінген азаматтарды аяқтан шалудан, айтаққа еруден, қызылкөз қызғаныштан, дабыра мен даңғазадан, ысырап пен қанағатсыздықтан сақ болсақ!

Бір-бірімізге тек «болсын» дейікші! Қап-қоржынымызға береке толсын дейікші! Бір кезде «Қазақ қазаққа болыспаса, сол қайғы» деген мақала жазып едім. Мынадай сабырдың суы сарқылып, абыр-дабырдың ахуалы орнығып тұрған шақта сол сөзімді тағы да қайталағым келеді. Өзімізді елдің қоры деп сезінбейік. Өзімізді елдің зоры деп те сезінбейік. Қазақ болайық!

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Мектеп оқушылары өз-өзіне қол жұмсады

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы кәмелетке толмағандар арасында тіркелген...

Бүгін ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Синоптиктер 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, фронттардың...
Мемлекеттік сыйлық

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу...
Мемлекеттік сыйлық

Мемлекеттік сыйлық иегерлері белгілі болды

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығын...

Түркіменстан президенті есірткі жағатын пеш ашты

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадтан солтүстікке қарай 100 шақырым жерден есірткі жағатын...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...