Түркістан облысына 441 млрд теңгеден астам инвестиция салынған

Түркістан облысына 441 млрд теңгеден астам инвестиция салынған

Түркістан облысына 441 млрд теңгеден астам инвестиция салынған
ашық дереккөзі
Түркістан облысы бойынша былтыр негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 441 млрд 214 млн теңге, 2018 жылмен салыстырғанда 38,5 пайызға артқан, – деп жазды ҚазАқпарат. Бұл туралы Түркістан облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте: «Инвестиция салымдарының басым бөлігі өнеркәсіп және жылжымайтын мүлік салаларына тиесілі. Негізгі инвестициялық салымдардың 85,3% шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, көлемі – 376 млрд 207 млн теңге», – деді. Бұдан өзге, Түркістан облысы бойынша былтырғы өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 498 млрд 347 млн теңге, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға артық. Тиісінше, облыстың өнеркәсіп өнім көлеміндегі республикадағы үлесі – 1,7%. Ал ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі былтыр 629 млрд теңгеден асты,  бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға көп. Республикадағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы үлесі бойынша облыс 3-орынды иеленді.