Түркістан облысына 441 млрд теңгеден астам инвестиция салынған
10 ақпан, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Түркістан облысына 441 млрд теңгеден астам инвестиция салынған
Түркістан облысы бойынша былтыр негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 441 млрд 214 млн теңге, 2018 жылмен салыстырғанда 38,5 пайызға артқан, – деп жазды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Түркістан облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте: «Инвестиция салымдарының басым бөлігі өнеркәсіп және жылжымайтын мүлік салаларына тиесілі. Негізгі инвестициялық салымдардың 85,3% шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, көлемі – 376 млрд 207 млн теңге», – деді.
Бұдан өзге, Түркістан облысы бойынша былтырғы өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 498 млрд 347 млн теңге, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға артық. Тиісінше, облыстың өнеркәсіп өнім көлеміндегі республикадағы үлесі – 1,7%. Ал ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі былтыр 629 млрд теңгеден асты, бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға көп.
Республикадағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы үлесі бойынша облыс 3-орынды иеленді.