Масанчи деген кім болған?
Масанчи деген кім болған?
Қордайдағы жанжалдан соң Масанчи ауылының атағы «дүркіреп» тұр. Ақпараттар легінің басты тақырыбы – осы елді мекеннің тынысы. Бейғам тіршілік етіп жатқан шалғайдағы ауыл айналасы екі-үш күннің ішінде бүкіл ел назарын өзіне аударды. Елді мекеннің аты мен затын зерттей бастаған қауымның көкейіндегі көп сұрақтың бірі – ауылға есімі берілген Мағазы Масанчи деген кім? Алматыда оның атымен аталатын көше бар екенін жұрт тегіс білсе де, бұрын-соңды М.Масанчидің өмір жолына үңіліп, елге сіңірген еңбегін бағамдағандар көп емес.
«Қазақ энциклопедиясындағы» өмірбаянына сүйенсек, Мағазы Масанчи 1885 жылдың 14 шілдесінде Верный қаласында дүниеге келген. Кішкентайынан мал бағып, егістікте жұмыс істеген Мағазы 1908 жылы патша әскеріне шақырылып, сол жылы әскери борышын өтеуге аттанады.