Жаңалықтар

Нұр-сұлтан көшелері «өзенге» айналды (видео)

ашық дереккөзі

Нұр-сұлтан көшелері «өзенге» айналды (видео)

Нұр-Сұлтанда күн күрт жылынып, ауа температурасы көтерілді. Соның салдарынан қаладағы қалың қар еріп, жолдар мен аулаларды қар суы басып, лай су өзен болып ағып жатыр. Қала әкімдігінің хабарлауынша, шаһарда су соратын арнайы техника жұмыс істеп жатыр. «Ауа райының күрт жылынуына байланысты қалада су жинауға 100-ден аса ассенизаторлық машина шықты», – делінген қала әкімдігінің Instagram-парақшасында. Әлеуметтік желілерде қаланы су басып қалған видеолар жарияланды.