Тұрғын үй бағасы қымбаттады – Статистика комитеті
9 ақпан, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Тұрғын үй бағасы қымбаттады – Статистика комитеті
ҚР ҰЭМ Статистика комитеті жаңа тұрғын үйлерді сату құны 0,8 пайызға қымбаттағанын мәлімдеді.
Статистика комитетінің ресми дерегіне сәйкес, 2020 жылдың қаңтарында өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйлер бағасы – 0,7%, абаттандырылмаған кешендердің құны 0,4 пайызға өскен.
2020 жылғы қаңтарда жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрін сатудың орташа бағасы 295 180 теңге (жылдық өсім – 6,7%), қайта сатылатын жайлы тұрғын үй – 203 091 теңге (6,7%), абаттандырылмаған тұрғын үй – 126 500 (5,7%) теңге болды.
Сондай-ақ, орта есеппен ел бойынша абаттандырылған тұрғын үйді жалға алудың құны шаршы метр үшін 1 529 теңге (6,5%).