Тұрғын үй бағасы қымбаттады – Статистика комитеті

Тұрғын үй бағасы қымбаттады – Статистика комитеті

Тұрғын үй бағасы қымбаттады – Статистика комитеті
ашық дереккөзі
ҚР ҰЭМ Статистика комитеті жаңа тұрғын үйлерді сату құны 0,8 пайызға қымбаттағанын мәлімдеді.  Статистика комитетінің ресми дерегіне сәйкес, 2020 жылдың қаңтарында өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйлер бағасы – 0,7%, абаттандырылмаған кешендердің құны 0,4 пайызға өскен. 2020 жылғы қаңтарда жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрін сатудың орташа бағасы 295 180 теңге (жылдық өсім – 6,7%), қайта сатылатын жайлы тұрғын үй – 203 091 теңге (6,7%), абаттандырылмаған тұрғын үй – 126 500 (5,7%) теңге болды. Сондай-ақ, орта есеппен ел бойынша абаттандырылған тұрғын үйді жалға алудың құны шаршы метр үшін 1 529 теңге (6,5%).