Еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда су көшкіні болуы мүмкін
9 ақпан, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда су көшкіні болуы мүмкін
Aлматы қалалық төтенше жағдай департаменті күннің күрт жылынуына байланысты 9-12 ақпан күндері таудағы қар еріп, беткейлі ағын қалыптасуы мүмкін екенін хабарлады.
ҚазАқпарат ұсынған ТЖД хабарламасында: «Қазақстанда күн жылынып, жылы ауа температурасы сақталып отыр. Алдағы күндері жауын-шашын болады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Осыған байланысты Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары және Алматы қаласының таулы аймақтарында 9-12 ақпан аралығында таудағы қар еріп, төмен қарай құлдилауы ықтимал. Осылайша беткейлі ағын қалыптасу қаупі бар» делінген. .