Еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда су көшкіні болуы мүмкін

Еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда су көшкіні болуы мүмкін

Еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда су көшкіні болуы мүмкін
ашық дереккөзі
Aлматы қалалық төтенше жағдай департаменті күннің күрт жылынуына байланысты 9-12 ақпан күндері таудағы қар еріп, беткейлі ағын қалыптасуы мүмкін екенін хабарлады. ҚазАқпарат ұсынған ТЖД хабарламасында: «Қазақстанда күн жылынып, жылы ауа температурасы сақталып отыр. Алдағы күндері жауын-шашын болады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Осыған байланысты Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары және Алматы қаласының таулы аймақтарында 9-12 ақпан аралығында таудағы қар еріп, төмен қарай құлдилауы ықтимал. Осылайша беткейлі ағын қалыптасу қаупі бар» делінген. .