Ноғайбай биден жер алған дүнгендер жайлы не білеміз?
Ноғайбай биден жер алған дүнгендер жайлы не білеміз?
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін ел аузына іліккен Масанчи ауылы жайлы жұрттың білетінінен білмейтіні көп. Ауылдың іргесі қашан қаланды? Қанша халқы бар? Елді мекен тұрғындарының этностық құрамы қандай? Turkystan.kz тілшісі шолу жасап көрді.
Масанчи – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл. Масанчи ауылдық округінің әкімшілік орталығы. Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасына жақын аумақта, аудан орталығы Қордай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырым қашықтықта орналасқан.
Ауылдың іргесі 1878 жылы қаланған. Тарихи деректерге сүйенсек, дүнгендер Қазақстанға Солтүстік Қытайдағы мұсылмандар көтерілісі басып-жанышталғаннан кейін, 1877 жылдардан бастап келе бастаған. Күнкөріс пен жанбағыс үшін қазақ жеріне қоныс аударғандарды сол бір жылдары Жамбыл өңіріндегі Қордай аймағын басқарған Ноғайбай би қамқорлығына алады. Егін егіп, мал шаруашылығымен айналысу үшін арнайы жер бөліп берген. Кеңестік кезеңде аты мәшһүр болған генерал-губернатор Колпаковскийдің тілін таба білген Ноғайбай би дүнгендерді жер, мал салығы секілді салықтың барлық түрлерінен 10 жылға босатқан. Осындай қамқорлық пен қолдаудың арқасында бір кездері Қытайдан үдере көшіп келген 3314 дүнген өсіп-өніп, қазақ топырағына сіңіп, 70 мыңға жуық өкілі бар іргелі диаспораға айналды.
Тұрғындарының 94 пайызы – дүнгендер
Статистикалық деректер бойынша Масанчи ауылының демографиялық өсімі тұрақты. 1999 жылғы халық санағында Масанчи тұрғындарының саны 8926 адам болса, 2009 жылғы санақ кезінде 13606 адамға жеткен. Ал 2018 жылғы дерек бойынша Масанчи халқының саны 18420 адамды құрайды. Алматыдағы М.Масанчиға қойылған ескерткіш[/caption]