Ноғайбай биден жер алған дүнгендер жайлы не білеміз?

Сондай-ақ!

Дәрігер тұмаудан тез құтылудың үш жолын атады

Британдық дәрігер әрі тележүргізуші Сара Джарвис тұмаудан тез айығудың үш тиімді жолын атады, деп хабарлайды Express. Бірінші тәсіл – тамаққа арналған спрей. Маманның сөзінше, ол...

Францияның бұрынғы президенті қайтыс болды

Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар д'Эстен 94 жасында өмірден өтті. Бұл туралы елдің «Europe 1» радиостанциясы хабарлады. Саясаткер коронавирустың асқынуынан көз жұмған. Бұл туралы оның...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Байденнің болжамы: Жыл соңына дейін АҚШ-та коронавирустан тағы 250 мың адам көз жұмады

Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байден елде жыл соңына дейін коронавирустан тағы 250 мың адам көз жұматынын болжады, деп хабарлайды РИА Новости.  Байден...

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін ел аузына іліккен Масанчи ауылы жайлы жұрттың білетінінен білмейтіні көп. Ауылдың іргесі қашан қаланды? Қанша халқы бар? Елді мекен тұрғындарының этностық құрамы қандай? Turkystan.kz тілшісі шолу жасап көрді.

 Масанчи – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл. Масанчи ауылдық округінің әкімшілік орталығы. Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасына жақын аумақта, аудан орталығы Қордай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ауылдың іргесі 1878 жылы қаланған. Тарихи деректерге сүйенсек, дүнгендер Қазақстанға Солтүстік Қытайдағы мұсылмандар көтерілісі басып-жанышталғаннан кейін, 1877 жылдардан бастап келе бастаған. Күнкөріс пен жанбағыс үшін қазақ жеріне қоныс аударғандарды сол бір жылдары Жамбыл өңіріндегі Қордай аймағын басқарған Ноғайбай би қамқорлығына алады. Егін егіп, мал шаруашылығымен айналысу үшін арнайы жер бөліп берген. Кеңестік кезеңде аты мәшһүр болған генерал-губернатор Колпаковскийдің тілін таба білген Ноғайбай би дүнгендерді жер, мал салығы секілді салықтың барлық түрлерінен 10 жылға босатқан. Осындай қамқорлық пен қолдаудың арқасында бір кездері Қытайдан үдере көшіп келген 3314 дүнген өсіп-өніп, қазақ топырағына сіңіп, 70 мыңға жуық өкілі бар іргелі диаспораға айналды.

Тұрғындарының 94 пайызы – дүнгендер

Статистикалық деректер бойынша Масанчи ауылының демографиялық өсімі тұрақты. 1999 жылғы халық санағында Масанчи тұрғындарының саны 8926 адам болса, 2009 жылғы санақ кезінде 13606 адамға жеткен. Ал 2018 жылғы дерек бойынша Масанчи халқының саны 18420  адамды құрайды.

Ноғайбай биден жер алған дүнгендер жайлы не білеміз?

Елді мекенде оннан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Басым бөлігі (94 пайызы) – дүнгендер. Қазақтар, орыстар, украиндықтар, қырғыздар, өзбектер, ұйғырлар мен татарлар аралас қоныс тепкен.

Шағын ауыл екеніне қарамастан, Масанчида 75 көше, 3 мектеп, 2 балабақша бар. Ауыл тұрғындары негізінен егін шаруашылығымен және мал шаруашылығымен айналысады. Масанчидағы Жылыжай шаруашылығы Жамбыл облысын қысы-жазы сапалы бақша өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.

Ауыл атауы үш мәрте ауысты

1878 жылы іргесі қаланған тұста ауылға иҚарақоңыз деген атау берілген. Ауылдың бұлай аталуына қатысты бірнеше пікір айтылады. Алғашқы нұсқа бойынша ертеде аумақта үлкен қара қоңыздар көп болған. Енді бір нұсқада жергілікті тұрғындар таңнан кешке дейін қоңыздар секілді жер тырмалап, егістік басынан ұзамайтын дүнгендерді солай атап кеткен деседі. 1903 жылы дүнгендердің қазақ жеріне көшіп келуінің 25 жылдығына орай тұрғындар Николай ІІ патшаға өтініш жасап, ауылды Ресей императорының атымен атауды ұсынған. Ұсыныс қабылданып, елді мекен Николаевка атауын иемденген. Алайда Қазан төңкерісінен кейін ауылға бұрынғы Қарақоңыз атауы қайтарылады. Ал 1965 жылы елді мекенге дүнген халқының батыры, революциялық қозғалыс және азаматтық соғыс қатысушысы, Орта Азия және Қазақстанда Кеңес билігін орнату жолында күрескен белсенді Мағазы Масанчидің есімі берілді.

Ноғайбай биден жер алған дүнгендер жайлы не білеміз?
Алматыдағы М.Масанчиға қойылған ескерткіш

Редакция таңдауы

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Жаппай сатылым: Италиядағы ауылдардың бірінде үйлер 1 еуродан сатылуда

Италияның Молизе облысындағы Кастропиньяно ауылында үйлердің жаппай сатылымы басталды. Бір үйдің бағасы...

Қазақстанда азық-түлік бағасы 9,6 пайызға өсті

Биыл он бір айда баға азық-түлік тауарларына–9,6%, азық-түлік емес тауарларына–5,1%, ақылы қызметтерге...

Дәрігер тұмаудан тез құтылудың үш жолын атады

Британдық дәрігер әрі тележүргізуші Сара Джарвис тұмаудан тез айығудың үш тиімді жолын...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш...

Францияның бұрынғы президенті қайтыс болды

Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар д'Эстен 94 жасында өмірден өтті. Бұл туралы...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...