Жаңалықтар

Біз провокаторларды анықтадық – Ішкі істер министрлігі

Біз провокаторларды анықтадық – Ішкі істер министрлігі

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Қордайдағы оқиға кезіндегі арандатушылардың анықтағанын айтты, – деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз провокаторларды анықтадық. Ең жаманы, олар видеоны жағымсыз пікірмен таратқан. Осыдан барып жастар арандатушылардың сөзіне еріп, істің анық-қанығын біліп жатпай, төбелеске араласып кеткен», – деді Алексей Калайчиди. Оның айтуынша, сол түні оқиға орнында болғандардың бәрінен жауап алынады. Сонымен қатар видеофактілердің базасы жасалады. Сәйкесінше, сол жерде болған әр адамның оқиға кезіндегі рөлі анықталмақ. «Содан кейін әрбір адамның нақты сол жерге келуіне не себеп болғанын айтып бере аламыз», – деді ол.