Жаңалықтар

Қазақстан-Қырғыз шекарасын 4 мыңдай адам кесіп өткен

ашық дереккөзі

Қазақстан-Қырғыз шекарасын 4 мыңдай адам кесіп өткен

Қырғыз-Қазақстан шекарасын «Кен-Булун-автокөлік» бақылау-өткізу пункті арқылы шамамен 4 мыңдай адам кесіп өтті, – деп хабарлады 24.kg. Қырғызстанның шекара қызметі бұл дерекке қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Токмак қалалық Кенеш депутаты Юсуп Ваншаның мәліметінше, Қордай ауданында орын алған оқиғадан кейін жергілікті тұрғындар 7 ақпаннан бастап Қырғызстанда тұратын туыстарына келе бастаған. Қырғыз Республикасындағы дүнген диаспорасының айтуынша, үйлері өртеніп, тұратын жері болмаған дүнгендер Қырғызстанға уақытша тұруға келген. Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі барлық келушілерді тепловизормен коронавирус белгілеріне тексеруде. Келушілердің негізгі бөлігі – әйелдер, балалар және қарт адамдар.