Жаңалықтар

Елімізде тұңғыш рет ММА-дан Азия чемпионаты өтеді

ашық дереккөзі

Елімізде тұңғыш рет ММА-дан Азия чемпионаты өтеді

2020 жылдың 6-8 ақпанында Нұр-Сұлтанда қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының ұйымдастыруымен IMMAF Халықаралық аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының директорлар кеңесі өтті. ММА Орталық Азия конфедерациясын құру туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін Конфедерация президенті лауазымына Өзбекстан аралас жауынгерлік өнер қауымдастығының президенті Оттабек Омаров тағайындалды. IMMAF Директорлар кеңесінің мүшесі Искандер Кәрім мен ММА Қазақстан біріккен федерациясының бас директоры Валихан Тен вице-президент болып тағайындалды. Конфедерацияның штаб-пәтері Өзбекстанда орналасады. Кеңес соңында Керит Браун алдағы Азия чемпионатының қазақстандық ММА федерациясының қолдауымен жоғары деңгейде өтетініне сенім білдіре отырып, халықаралық жарыстарда біздің спортшылардың жеткен жетістіктеріне көңілі толатынын, сондай-ақ, биылғы чемпионатта да рекордты жеңіске жететіндігіне сенімді екенін айттты.