Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 800-ден асты

Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 800-ден асты

Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 800-ден асты
ашық дереккөзі
ҚХР гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті Қытайда жаңа коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 37,1 мыңға жетіп, 811 адам қайтыс болғанын хабарлады.  Ведомстваның мәліметінше, Қытай аумағында жұқтырғандар саны бір тәулік ішінде 2,6 мыңнан астам адамға, қайтыс болғандар саны 89-ға артты. Медициналық мекемелерден 2,6 мыңнан астам адам сауығып, шығарылды. Анықталған 37,1 мың пневмония ауруының 6188 жағдайы ауыр. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмонияның өршуі тіркелді. Осыған орай, 2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытаймен автобус тасымалын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойызын (1 ақпаннан бастап) және әуе қатынасын (3 ақпаннан бастап) тоқтататқан болатын, 6 ақпан күні Қытаймен пошта байланысы «Қазпочтаның» жұмысы уақытша тоқтады.