Нұр-сұлтан әуежайы наразы жұмысшылардың шағымына жауап берді

Нұр-сұлтан әуежайы наразы жұмысшылардың шағымына жауап берді

Нұр-сұлтан әуежайы наразы жұмысшылардың шағымына жауап берді
ашық дереккөзі
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы биыл 7 ақпанда әуежай, ғимараты мен аумағын жинау бойынша ақылы қызмет көрсететін тұлғалардың тазалық құралдарымен толық қамтылмауына қатысты ұжымдық шағымын қарады. Ғимаратты тазалауға арналған жуу құралдарының толық көлемде бар екенін хабарлады. Әрі тұлғалармен ақылы қызмет көрсету туралы келісім шарт бұзылмағанын жеткізді. Бұл туралы әуежайдың Instagram-парақшасында жазылды. Сонымен қатар, коронавирустың таралуының алдын алуға байланысты әуежай басшылығы қолда бар талаптарға сәйкес барлық қызметкерлер мен жалға алушыларға, сондай-ақ әуежай аумағында ақылы қызмет көрсететін тұлғаларға жоғарғы талаптар қойған, оның ішінде медициналық маска тағу да міндеттелді. Әуежайдың ресми парақшасында: «Әуежай басшысы бұл өтінішті назардан тыс қалдырмағанын және осы өтініш бойынша дереу шара қолданғанын хабарлаймыз. Жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесі бойынша әуежайдың жұмысы мен аэровокзал кешенін қамтамасыз етуге жауапты бірқатар қызметкерлерге қызметтік міндеттерін тиісінше атқармауына байланысты тәртіптік жазалау шаралары, оның ішінде инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі басқарма төрағасының орынбасарына қатаң сөгіс түрінде, аэровокзал кешенінің басқарушы директорына және сатып алу басқармасының бастығына сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды», – делінген.