Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды

Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды

Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды
ашық дереккөзі
ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы Жамбыл облысына барды, – деп хабарлайды primeminister.kz. Қордай ауылында вице-премьер аруханаға барды, топтасқан төбелес кезінде зардап шеккен тұрғындармен сөйлесті. Медициналық мекемелерге 12 адам жатқызылды, 20 адам бақылауда және емханадан шығаруға әзірленуде. 5 пациент санитариялық авиация желісі бойынша Алматы қаласына, 1 пациент Тараз қаласына ауыстырылды. Барлығына қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Медициналық көмекке барлығы 127 адам жүгініп, оның ішінде 84 адам тексеруден соң үйлеріне жіберілген.