ОҚМПУ ректоры қызметінен босады

ОҚМПУ ректоры қызметінен босады

ОҚМПУ ректоры қызметінен босады
ашық дереккөзі
«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Анар Қайырбекова жұмыстан босатылды. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  Министрлік ақпарында: «Еңбек кодексін, ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» заңын және «ОҚМПУ» КЕАҚ Жарғысын басшылыққа ала отырып, ҚР БҒМ бұйрығымен 7 ақпанда Анар Қайырбекова қызметінен босатылды. Өкінішке орай, жұмысты ұйымдастыру барысында А.Қайырбекова тарапынан кемшіліктерге жол беріліп, ҚР Білім және ғылым министрлігімен белгіленген міндеттер орындалмаған. Бос лауазымға орналасуға конкурс қорытындысы аяқталғанға дейін проректорлардың бірі басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды», – делінген.