Қордайдағы жағдай: өзге ұлт өкілдері Қырғызстанға өтуге жиылуда

Қордайдағы жағдай: өзге ұлт өкілдері Қырғызстанға өтуге жиылуда

Қордайдағы жағдай: өзге ұлт өкілдері Қырғызстанға өтуге жиылуда
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, халықты бірлікке шақырғаннан кейін аталған елді мекенге арнайы комиссия атанды. Президент тек ресми мәліметтерге сену қажеттігін ескертіп, әрі Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдеріне де елді бірлікке шақыруы қажеттігін тапсырды. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстағы хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева: «Ассамблея мүшелері кешеден бері осында. Ақордадағы мәлімет бойынша 8 адам қайтыс болды деген дерек айтылды. Алайда бір адамды ауруханаға екі рет әкелгеннен кейін 7 адам қаза тапты деген қазір ақпар айтылып жатыр. Кеше ауруханаларды аралап санағанмызда 38 адам жарақат алғандар ретінде тіркелген. Әрине қаза тапқандар мен жараланғандардың саны аз болғаны қуантады. Десе де бұл соңғы байлам емес. Қазір Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сарапбаевты күтіп отырмыз. Содан кейін тағы нақтылана түседі», – деп жауап берді. ҚХА өкілі ең қиын жағдай Масаншы мен Булан батыр ауылдарында болып тұрғанын айтады. Масаншыда бір көшедей өртке оранып, 35 көліктей жанып кеткен. Өзге ұлтты ауыл тұрғындарының дені Қордай шекара бекетінен Қырғызстанға өтуге жиылуда. – Облыстық Ассамблеяның күшімен әр ауылдың ақсақалдарының басын қосып, тұрғындармен жеке-жеке түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл негізі ауыз азаматтары арасындағы қақтығыс еместей көрінді. Себебі арнайы әскер келгенде бүлік шығарып жүрген азаматтар қашып кетті. Сондықтан мұнда арандатушылардың іс әрекеті көрініс тапқан сияқты. Ол жағы әрине арнайы тексерістен кейін белгілі болады. Қазір Қордай ауданында жағдай қалыпты. Барлық мәселе құзырлы органдардың жіті бақылауында тұр, – деді Маржан Төреғұлқызы. Дереккөз: aikyn.kz