Халықты сабыр сақтауға шақырамыз – Болат Дембаев

Халықты сабыр сақтауға шақырамыз – Болат Дембаев

Халықты сабыр сақтауға шақырамыз – Болат Дембаев
ашық дереккөзі
Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев қазіргі уақытта жеке адамдар Қордайда болған оқиғаны бұрмалап, жалған ақпарат таратып жатқанын айтты.  «Осы орайда бүкіл елге Қазақстанның Конституциясы ұлтаралық келісімді бұзарлық кез келген әрекетке тыйым салатынын жеткізгіміз келеді. Конституцияның аталған талабын орындамаудың салдары ұлтаралық араздықты туғызу, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, жалған ақпарат тарату істері бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Халықты сабыр сақтауға, провокацияға берілмей, шындыққа сай келмейтін ақпаратты таратпауға шақырамыз. Тергеу амалдарына қатысты барлық ақпарат ІІМ мен Бас прокуратураға жолданып отырады және аталмыш ведомстволардың интернет-сайттарында жарияланады», – деді ол. Бас прокуратура құқық қорғау органдары кез келген тәртіп бұзушылықтың жолын кесіп, оларға жол бермеудің барлық амалын қарастыратынын мәлімдейді.