Қордайдағы оқиға Бас прокурордың назарында

Қордайдағы оқиға Бас прокурордың назарында

Қордайдағы оқиға Бас прокурордың назарында
ашық дереккөзі
Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев Қордайдағы оқиға бойынша қылмыстық қудалау органдары кінәлілерді тауып, оларды жауапқа тарту үшін барлық шараны жүзеге асыратынын мәлімдеді, – деп жазды ҚазАқпарат. «Ішкі істер министрі айтқандай, Қордайдағы оқиға бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылады. Істің барысы Бас прокурордың назарында. Қылмыстық қудалау органдары кінәлілерді тауып, оларды жауапкершілікке тарту үшін барлық шараны жүзеге асырады. Зардап шеккендерде қажетті құқықтық көмек беріледі. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп сақтау шараларын қамтамасыз етіп отыр», – деді Болат Дембаев.