Елімізде декреттегі еркектер қатары көбейіп келеді
Елімізде декреттегі еркектер қатары көбейіп келеді
Еңбек кодексінің 100-бабына орай бала күтіміне байланысты демалысты анасының да, әкесінің де алуына құқы бар. aikyn.kz сайты соңғы жылдары елімізде декреттік демалыс алған ерлер қатары көбейгенін жазады.
Ресми дерекке сүйенсек, 2016 жылы – 5 326, ал 2017 жылы 23 054 әке бала күтіміне байланысты жәрдемақы рәсімдеген.
Әдетте, отбасы мүшелері баланы үйде кімнің қарайтынын және бала күтіміне байланысты демалысты кімге рәсімдейтінін экономикалық тұрғыда тиімді жағын ескере келе шешеді екен.
Осы орайда мамандар «Әкенің балаға жақындығы жездедей-ақ» деген бұрынғы түсінік те өзгеріп келе жатқанын айтады. Психологтер қазіргі күні ер адамды бала күтіміне жауапты ету, отбасы бірлігінің татулығына әсер ететінін байқаған.