Елімізде декреттегі еркектер қатары көбейіп келеді

Елімізде декреттегі еркектер қатары көбейіп келеді

Елімізде декреттегі еркектер қатары көбейіп келеді
ашық дереккөзі
Еңбек кодексінің 100-ба­бына орай бала күтіміне байла­ныс­ты демалысты анасының да, әкесінің де алуына құқы бар. aikyn.kz сайты соңғы жылдары елімізде дек­реттік демалыс алған ерлер қатары көбейгенін жазады.  Ресми дерекке сүйенсек, 2016 жылы – 5 326, ал 2017 жылы 23 054 әке бала күті­міне байланысты жәрдемақы рә­сім­деген. Әдетте, отбасы мүшелері баланы үйде кімнің қарай­тынын және бала күтіміне бай­ланысты демалысты кімге рә­сімдейтінін экономикалық тұр­­ғы­да тиімді жағын ескере келе шешеді екен. Осы орайда мамандар «Әкенің ба­ла­ға жа­қын­дығы жездедей-ақ» де­ген бұрынғы түсінік те өзгеріп келе­ жатқанын айтады. Психологтер қазіргі күні ер адам­ды бала күтіміне жауапты ету, отбасы бірлігінің татулығына әсер ететінін байқаған.