Жаңалықтар

Қытайда дәрігерлерге роботтар көмектесуде

ашық дереккөзі

Қытайда дәрігерлерге роботтар көмектесуде

Қытайдың Ухань қаласындағы ауруханаларда 30-дан астам дезинфектор-робот дәрігерлерге қолғабыс етуде,  – деп хабарлады Синьхуа агенттігі. Роботтарды Шанхайдың TMiRob компаниясы жасап шығарған. Ұйымның бас директорының айтуынша, роботтар ақ түсті, олардың басына сутегі тотығы толтырылған және роботтың ішінде тоғыз ультракүлгін лампасы орнатылған. Бұл құралдар арқылы роботтар дезинфекция жасай алады. Сонымен бірге кедергілермен соқтығыспауын қамтамасыз ететін арнайы технологиялармен жабдықталған. Роботтар дезинфекциялық жұмыстарды тәулік бойы оқшаулау бөлімдерінде, реанимация бөлімшелерінде, Уханьдағы коронавирусқа қарсы ірі ауруханаларының бөлмелері мен амбулаторияларда орындайды. Бұған дейін Қытайда медицина қызметкерлерінің орнына коронавирус жұқтыру қаупі бар науқастарды тексеретін робот құрастыру жұмыстары басталғаны белгілі белгілі болған.