Нұр-Сұлтанда 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды
7 ақпан, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Нұр-Сұлтанда 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды
Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 ақпан қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.
Елордада алдағы 2 күн боран соғып, көктайғақ болатыны туралы ескерту жарияланғанын еске саламыз.