Жаңалықтар

Жатақханадағы төбелестен студенттердің бірі пышақ жарақатын алды

ашық дереккөзі

Жатақханадағы төбелестен студенттердің бірі пышақ жарақатын алды

Ақтөбеде студенттер арасында төбелес шығып, бозбалалардың бірі пышақ жарақатын алды. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Төбелес 5 ақпан күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жатақханасының артында 3 немесе 4 студент арасында болған (студенттер саны анықталуда). 19 жастағы студент пышақ жарақатын алған. Жарақат алған студент шұғыл көмек көрсету ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта жараланған студенттің аты-жөні анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері төбелеске қатысқандардың кім екенін анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта студентті кім жарақаттағаны анықталып жатыр. Анықталғаннан кейін оны ұстау шаралары жүргізілетін болады, - делінген хабарламада. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі ("Адам өлтіруге оқталу") бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.