Станбұлда қазақ тілін үйрететін курс ашылды

Қазақ Түріктерінің білім алу және зерттеу қауым­дас­тығы (KATEAD) мен «Отандастар» қоры арасында жа­сас­қан келісімге сәйкес станбұлда қазақ тілі курсы ашылды.

Курс Станбұлдағы қазақ­тар ең көп қоныстанған Зей­тин­бурн және Бағджылар ау­дандарына орналасқан ғи­мараттарда өткізілмек. Сон­дай-ақ курс өткізуге қажетті құ­рал-жабдықтар Қазақ­стан­нан арнайы жөнелтілген. Microsoft Teams бағдарламасы арқылы тікелей эфирде жүр­гі­зі­летін сабақтар оқу, тыңдау және сөйлеу дағдыларын же­тілдіруге арналған. Сонымен қатар бұл курсқа қатысқан мектеп жасындағы оқу­шы­лар Қазақстанда ұйым­дас­­ты­ры­латын жазғы ла­герьлерге жі­беріледі. Ұйым­дас­тыру­шы­лардың айтуын­ша, бұл игі бастама Түркияда тұратын қа­зақ­тардың ата­жұртпен бай­ланысын ны­ғайтуға мүм­кіндік жа­сай-
ды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button