Импичмент процесі: Трамп толықтай ақталды

АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы импичмент процесі аяқталды.  АҚШ конгресі президентті толықтай ақтап алды. 

Дональд Трамптың ақталғанын Ақ үй баспасөз қызметінің басшысы Стефани Гришамта растады, деп жазады CNN.

Оның ақталуына сенаторлар арасында Республикалық партия мүшелерінің көп болғаны әсер етті.

Айта кету керек, Трамп АҚШ тарихында импичмент жарияланған үшінші президент болды. Ал импичмент оған екі бап бойынша жарияланған еді. Оның бірінде Трамп қызметін асыра пайдаланды делінсе, екінші бап бойынша ол Конгресс жұмысына кедергі келтірді деп айыпталған.

Ал сенаторлардың үштен екісінің дауысы жиналса, Трамп сотталып, президенттікті босайтын еді.

Back to top button