Жаңалықтар

Алматыда Абайдың еңселі ескерткіші бой көтерді

ашық дереккөзі

Алматыда Абайдың еңселі ескерткіші бой көтерді

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Алматыда ұлы ақынның мүсіні бой көтерді. Ескерткіштің ашылу салтанатына Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев және зиялы қауым өкілдері қатысты.  «Абайдың мерейтойлық жылы – мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің, сөз жанры шеберлерінің, жалпы шығармашылықпен айналысатындар үшін айтулы мереке. Ұлы ақынның, философ пен ойшылдың бай мұрасы, оның адамгершілік өсиеттері қазақ халқының игілігіне айналды», - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.