«Ұялы телефонсыз күн» жаһандық акциясы басталды

«Ұялы телефонсыз күн» жаһандық акциясы басталды

«Ұялы телефонсыз күн» жаһандық акциясы басталды
ашық дереккөзі
Әлемде бүгін «Ұялы телефонсыз күн» акциясы басталды.  «Хабар 24» арнасының хабарлауынша, жаһандық шара 2 күнге созылады. Оны СМС хабарлама туралы роман жазған француз жазушысы Фил Марсо ұсынған. Себебі, әлемде смартфондарға тәуелділік артқан. Сондықтан шараны ұйымдастырушылар осы уақыт аралығында ұялы телефонды қолдануды уақытша тоқтатуға немесе оны азайтуға шақырып отыр. Бастама психологтардың да қолдауына ие болды. Ал, статистикаға жүгінсек, әлемде биыл смартфонды қолданушылардың саны 3,5 миллиард адамға жеткен. Келер жылы олардың қарасы тағы 300 миллионға артуы мүмкін. Смартфонды ең көп пайдаланатын алғашқы үштікті Қытай, Үндістан, АҚШ бастап тұр. Зерттеулерге қарағанда, әлемде 1 адам смартфонға күніне 3 сағаттай уақытын кетірсе, жұмыс кезінде мобильді құралына 37,5 минутын жұмсайды екен. Ал әр адам смартфонына тәулігіне 47 мәрте қарап, 1 жылда 23 күнін осындай іске сарп ететін көрінеді. Әлемде смартфондарды қолданушылар саны: 2018 – 2.9 млрд 2019 – 3.2 млрд 2020 – 3.5 млрд 2021 – 3.8 млрд