Nur Otan қандасымыздың мәселесін жедел шешіп берді

Nur Otan қандасымыздың мәселесін жедел шешіп берді

Nur Otan қандасымыздың мәселесін жедел шешіп берді
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясының Ақмола облыстық филиалы Өзбекстаннан елге оралған қандасымызға көмек қолын созды. 2011 жылы Өзбекстаннан көшіп келген Бақытбек Құламанов Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Мәншүк ауылына тұрақтаған. Биыл зейнетке шығу жасына жеткен Бақытбек еңбек кітапшасында жұмыс істегенін растайтын жазу мен мөрдің анық жазылмауына байланысты құжат рәсімдеу кезінде қиындықтарға тап болған. Целиноград ауданы әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің талабы бойынша қарияға Өзбекстанға қайтып барып, құжаттарын қайта жаздырту керек еді. Алайда отандасымыздың арыз-тілегін тыңдаған облыстық Nur Otan партиясының филиалы мәселенің мән-жайын анықтауға кіріскен. Нәтижесінде, партияның облыстық филиалының қызметкерлері Целиноград ауданының көші-қон полициясымен бірлесіп, Өзбекстан Республикасының тиісті органдарына сұрау салып, қажетті құжаттарды алдыртқан. Осылайша, отандасымызды уайымға салған мәселе Nur Otan партиясына жүгінудің арқасында оң шешімін тапты. Бақытбек ҚҰЛАМАНОВ, зейнеткер:

Мен екінші топтағы мүгедек адаммын. Сол себепті қиындықтар туындағанда арлы-берлі жүгіре алмаймын деп қорықтым. Алайда мені ешқайда жүгіртпей, облыстық Nur Otan партиясында қызмет ететіндер, әсіресе сол жерде еңбектенетін Рақымжан есімді жігіт бастаған қызметкерлер шаруамды тез бітіріп берді. Оларға дән ризамын. Сөздің шыны керек, бұлай тез шешіледі деп ойлаған емеспін.