Ыстамбұл әуежайына қонғалы жатқан ұшақ апатқа ұшырады
Ыстамбұл әуежайына қонғалы жатқан ұшақ апатқа ұшырады
Ыстамбұлдағы Сабиха Гөкчен әуежайында Pegasus Airlines компаниясының ұшағы қонар кезде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, үш бөлікке бөлінді. Апат салдарынан 3 жолаушы көз жұмып,179 адам жарақат алды.
Алдын ала ақпарға сәйкес ұшақ бортында 183 кісі болған. Оның 175-і жолаушы, 2 сәби мен 6 экипаж мүшесі. Апаттан жапа шеккен азаматтар әуежайға жақын жердегі ауруханаларға жеткізілген.
Измир – Ыстамбұл бағытындағы ұшақ қона бергенде тұмсығымен жолақты сызып, үш бөлікке бөлінген. Әзірге апаттың не себепті шыққандығы белгісіз. Елдің тасымал және инфрақұрылым министрі Жахит Турхан апатты ауа райының қолайсыздығы салдарынан болған деген пікір білдірді.